Қазақстан
Президенті Король VI Фелипе мен барша испан халқын Испания ұлттық құрамасының
футболдан әлем біріншілігіндегі жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы испан ұлттық құрамасының жоғары
шеберлігі, үйлесімді командалық ойыны және жеңіске деген жігеріне тоқталып, Испанияның футболды дамыту тәжірибесін
баршаға үлгі ретінде атап өтті. Қасым-Жомарт
Тоқаев VI Фелипенің игі бастамаларына сәттілік, ал испан халқына бақ-береке
тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Осы
ретте биыл Қазақстанда «Атлетико Мадрид» клубы академиясының ашылғанын ерекше
қуанышпен атап өтемін. Бұл бастама халықтарымыз арасындағы достық пен сан қырлы
ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ жастар арасындағы байланыстарды
тереңдетуге зор серпін береріне кәміл сенемін.

