Бір палаталы Құрылтай - Қазақстанның жаңа заң шығару жүйесі

Бір палаталы Құрылтай - Қазақстанның жаңа заң шығару жүйесі

Былтырғы Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы парламент құру туралы бастамасын жариялады. Араға бір ай салып, 8 қазанда Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Оның қарауына e-Otinish және eGov платформалары арқылы азаматтар мен сарапшылардан 2 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Жұмыс тобы алты айға созылған талқылаулар нәтижесінде жаңа заң шығарушы орган — «Құрылтайдың» моделін, оның 145 депутаттық мандаты мен 8 тұрақты комитетін бекіту туралы қорытынды ұсыныс дайындады. Сарапшылардың айтуынша, әлемдегі ең көп таралған модель - бір палаталы жүйе унитарлы мемлекеттерге тән, ал қос палата көбіне федеративтік құрылымға лайықталған вето құқығы мен тежемелік принципіне арқа сүйейді. Бұл шешім қабылдаудың жылдамдығы мен сапасына әсер етпек.

Риккардо Пелиццо, саясаттанушы, Назарбаев университеті жоғары мемлекеттік саясат мектебінің профессоры:

- Джордж Цебилистің зерттеулері көрсеткендей, заң шығару процедурасына қатысатын партиялық немесе институционалдық вето ойыншылар саны артқан сайын қабылданатын заңдардың сапасы да төмендеуі мүмкін және шын мәнінде сапалы заң қабылдау қиындай түседі. Блоктау құқығына ие тараптар саны мен заң сапасының арасында кері тәуелділік бар. Мұндай қатысушылар неғұрлым аз болса, сапалы заң қабылдау ықтималдығы соғұрлым жоғары. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?