Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысы аясында Съезд Хатшылығының басшысы – Вице-Президент Ерлан Қарин жиынға қатысушы бірқатар діни конфессия өкілдерімен кездесті. Оның барысында алдағы отырыстың күн тәртібі және Съезд аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Айта кетейік, биыл Хатшылық отырысы 20 елден келген діни конфессиялар өкілдерінің, халықаралық ұйымдар мен сарапшылардың басын қосып отыр. Қатысушылар бұның алдындағы жиында көтерілген бастамаларды іске асыру барысы мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптарды талқылауда. Әсіресе, діни салада жасанды интеллектіні қолданудың этикалық қырларына ерекше назар аударылмақ. Бұдан бөлек, жиында ауыр әрі жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған Хартия жобасын таныстыру жоспарланған.

