Қазақстандықтардың 70% астамы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Қазақстандықтардың 70% астамы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

10 қазақстандықтың 7-і 23 тамыздағы Құрылтай сайлауына қатысуға ниетті. Мұндай мәліметті Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты келтірді. Мамандар маусым, шілде айларында түрлі ұйымдар жүргізген алты әлеуметтік сауалнаманың нәтижелерін талдаған. Олардың барлығында әдіснамадағы айырмашылықтарға қарамастан 70%-дан 76%-ға дейін электоральдық белсенділіктің жоғары деңгейі тіркелген. Респонденттердің 90% жуығы алдағы сайлау туралы хабардар. Орта жастан асқан азаматтардың белсенділігі жоғары. Олардың 80%-дан астамы дауыс беруге барады. Жастар арасында бұл көрсеткіш шамамен 70%-ды құрайды. 23 тамызда сайлау учаскелеріне келуге дайын әйелдер ерлерге қарағанда шамамен 5 пайызға белсендірек. Сауалнамалар саяси партияны таңдауға не ықпал еткенін де анықтаған. Респонденттердің жартысына жуығы үшін нақты бастамалар мен саяси ұйымның ішкі бірлігі маңызды. Сондай-ақ, сайлаушылар партияның ұстанымын, қоғамдық бағдарын және ортақ болашаққа деген көзқарасын ескерген. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?