Қазақстанда ҰБТ негізгі кезеңінің қорытындысы шықты. Биыл
тестілеуге 233 мыңнан астам мектеп түлегі қатысты. Олардың көпшілігі
мемлекеттік тілде сынақтан өтті, ал төрт жүзге жуық адам ағылшын тілін таңдады.
Болашақ студенттер арасында инженерлік мамандықтарға жоғары қызығушылық
сақталуда, сондықтан «Математика - Физика» бейіндік пәндер комбинациясы
неғұрлым сұранысқа ие болған. Еліміз бойынша орташа нәтиже 69 баллды құрады, ал
ең жоғары көрсеткіш - 140 баллды екі талапкер жинады. Енді білім гранттарын
тағайындау басталмақ: құжат қабылдау 20 шілдеде аяқталады, ал байқау нәтижелері
10 тамызға дейін жарияланады.
Наужан Дидарбекова, Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары:
- Әрбір ҰБТ-дан кейін талапкерлердің жеке кабинетінде
тақырыптық талдау орналастырылады, ол талапкерлерге келесі ҰБТ-ға дайындалуға
көмектеседі. Бұл талдау балаларға олардың нақты тақырып бойынша алған білімінің
осал тұстарын көрсетуге көмектеседі, яғни бұл ата-аналарға да, мұғалімдерге де,
талапкердің өздеріне де алдыңғы тест қателерін талдап, келесі сынақ нәтижесін жақсартуға
көмектеседі.

