«Бейнеу - Сексеуіл» магистралі елдің көлік әлеуетін күшейтеді

«Бейнеу - Сексеуіл» магистралі елдің көлік әлеуетін күшейтеді

«Бейнеу - Сексеуіл» трансқұрлықтық магистралінің құрылысы Азия мен Еуропа арасындағы негізгі транзиттік көпір ретінде Қазақстанның рөлін күшейтеді. Халықаралық қатынастар мен экономикалық саясат жөніндегі сарапшы Ерік Батырханов осылай мәлімдеді. Еске салайық, автожол құрылысын дүйсенбі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы бастап берген болатын. Саясаттанушының пікірінше, жаңа тас жол Қорғас пен Достық шекара бекеттерін Ақтау және Құрық теңіз порттарымен байланыстыратын тікелей дәлізге айналады. Жаңа көлiк бағытының тиiмдiлiгi трассаның сапасына ғана емес, кедендiк ресiмдеу жылдамдығына, сондай-ақ құжат айналымының үйлесіміне байланысты болады. Сарапшының пікірінше, көлік инфрақұрылымын дамыту еліміздің көп векторлы саясатына сәйкес келеді.


Ерік Батырханов, халықаралық қатынастар және экономикалық саясат жөніндегі тәуелсіз сарапшы:


- Автомобиль және теміржол инфрақұрылымымен қатар, заңнамалық база мен цифрландыруды да дамыту қажет. Қазақстан бұл бағытта едәуір ілгерілеген. Бұл кедендік рәсімдер мен кедендік декларациялардың қаншалықты тез ресімделуі, біздің стандарттардың өзге елдерде мойындалуы тәрізді мәселелерді қамтиды.  Өйткені, бұл бағыттың дамуымен қатар, оған өз заңнамалық ерекшеліктері бар басқа да елдер қосылып жатыр. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?