Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинау үшін біріңғай оператор белгіленді

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинау үшін біріңғай оператор белгіленді

Қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Үкіметтік комиссияның отырысында айтылды. Отбасыларға көмек мемлекеттік төлемдер мен өтемақыларды, сондай-ақ бизнес пен меценаттардың қаржылық қолдауын қамтиды. Қайырымдылық көмек жинау үшін Маңғыстау облысының әкімдігі бірыңғай операторды белгіледі. Көмек қорының қызметі тұрақты бақылауға алынды - барлық түсімдер мен қаржыны бөлу жария жүргізіледі. Бұдан бөлек, Каспий теңізі акваториясында оқу-жаттығу барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері 815 миллион теңге жібереді. Бастаманы Кеңестің мүшелері - түрлі өңірлерден келген бизнес өкілдері қолдады. Сондай-ақ, Құрылтай депутаттары қаза тапқан әскерилердің отбасыларына 146 млн теңгеден астам қаражат аударады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?