Қазақстанның Германияға экспорты 15% астам өсті

Қазақстанның Германияға экспорты 15% астам өсті

Биылғы жылдың 7 айында Қазақстан мен Германияның тауар айналымы 2,5 миллиард доллардан асты. Бұл ретте экспорт 15% -дан астам өсті. Жеткізудің негізін мұнай, ферроқорытпа, оқшауланған сым мен кабель, сутегі және басқа да өнімдер құрайды. Кері бағытта неміс препараттары мен вакциналарын, электр генераторлық қондырғыларды, жеңіл автомобильдерді, тұрмыстық техниканы сатып алу көлемі өскен. Сарапшылардың айтуынша, Астана мен Берлин арасындағы байланыс нығайып келеді. Қазақстан Президентінің Германияға бірнеше мәрте сапары, бизнес форумдар мен басқа да келіссөздер өткізу, елімізде неміс жоғары оқу орындары филиалдарын ашу тәрізді қадамдар жемісін берген.


Ерболат Сейлеханов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері:


- Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы  мен Германия Федеративтік Республикасының өзара делегацияларымен алмасуы айтарлықтай жиілей түсті.  Байланыс қарқынының артуы барлық негізгі салаларды қамтиды. Менің ойымша, біздің тығыз қарым-қатынасымыз институционалдық сипат алды. Атап айтқанда, бұл «Орталық Азия + ГФР» форматы және екінші маңызды диалог алаңы «Еуроодақ - Орталық Азия» форматы. Бірінші саммит былтырғы жылдың қараша айында өткен болатын және оның қорытындысы бойынша қос тарап арасындағы сауда айналымы айтарлықтай артты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?