Қазақстанның адам саудасына қарсы күрес тәжірибесі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Варшавадағы конференциясында көпшілікке таныстырылды. Еліміз 60-тан астам халықаралық адам құқықтары туралы шарттардың, құлдық түрлерімен күресу келісімдерінің қатысушысы. Соңғы төрт жылда шет мемлекеттерде құлдықта жүрген алпыстан астам ел азаматы құтқарылған. Жәбірленушілерді қорғау, қылмыстың алдын-алу жұмыстары екі жыл бұрын қабылданған «Адам саудасына қарсы күрес туралы» заң аясында жүзеге асырылуда.
Марат Бәшімов, Еуропалық құқық жән адам құқықтары жөніндегі институттың экс-директоры, заңгер:
- Заңға кіргізгеніміз қазір интернет арқылы адамды сатып алуға, сол процесті біз қалай бақылаймыз? Қандай біз сол процестерге, заңдарға, қылмыстық кодеске өзгерістер кіргіздік. Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғап отыруға, сол үшін көп нәрселерді қарасаңыздар Қазақстанның өзінің үлкен шаралар жасалған.
Қазір Қазақстанда 2027-2029 жылдарға арналған жаңа Ұлттық іс-қимыл жоспары әзірленуде. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен бірігіп адам саудасының құрбандарын анықтау, оларды қайтару және қорғауға бағытталған жоба жүзеге асырылып жатыр. Ұйым Қазақстанмен қылмысқа қарсы күресте ынтымақты одан әрі нығайтуға ниетті.
Кари Джонстон, ЕҚЫҰ Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілі және үйлестірушісі:
- Біз Қазақстанмен адам саудасының жаңадан пайда болып жатқан түрлерімен күресу бойынша қоян-қолтық жұмыс істеудеміз. Адам саудасын жеңілдету үшін технологияны пайдалануға және оны қолдануға қарсы күресу үшін жаттықтырушыларды оқытуды ұйымдастырдық. Және адам саудасымен күресуге көмектесетін жас елшілерді даярлау бойынша ынтымақтастық орнаттық.

