Қазақстан адами даму деңгейі бойынша өңірлік көшбасшы

Қазақстан адами даму деңгейі бойынша өңірлік көшбасшы

Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасында адамның даму деңгейі бойынша көшбасшы ретіндегі орнын растады. БҰҰ Даму бағдарламасы жариялаған жаңа индекске сәйкес республика әлемнің 193 мемлекеті мен аумағының ішінде 60-шы орынды иеленді. Айта кетейік, рейтингті жасау кезінде экономикалық көрсеткіштер ғана емес, халықтың өмір сүру сапасы да бағаланады. Азаматтардың болжамды өмір сүру ұзақтығы, білім деңгейі және табысы есепке алынады. ТМД елдерінің рейтингінде Қазақстаннан кейін Ресей, Беларусь және Армения тұр. Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде біздің елден кейін Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан келеді. Соңғы отыз жылда Қазақстанның адами даму индексі 20% -дан астам ұлғайды. Пандемия кезінде төмендеген көрсеткіш қазіргі таңда қалпына келіп қана қоймай, бақылау тарихындағы ең жоғары деңгейге жетті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?