Түрікменстан ТМД елдеріне алғаш рет шие экспорттай бастады

Түрікменстан ТМД елдеріне алғаш рет шие экспорттай бастады

Түрікменстан аграрлық өнім экспортын кеңейтуде. Ол алғаш рет ТМД нарықтарына ірі көлемде қызыл шие жеткізуді жолға қойып, Орталық Азиядағы сүйекті жеміс-жидек өндіруші ірі бестікке енді. Айта кетейік, өнім 8 мың 800 гектардан астам аумақты алып жатқан ірі бау-бақша кешенінде өсіріледі. Мұнда өндірістің барлық кезеңі - тамшылатып суарудан бастап ағаштардың жай-күйін мониторингілеуге дейін автоматтандырылған. Қызыл шие көп күтімді талап ететін өнімнің бірі: ол ыстыққа төзімсіз және дәмі тез бұзылады. Сондықтан шөлді климат жағдайында экспорттық жеміс-жидек өсіру үшін заманауи технологиялар мен ғылыми әзірлемелер қолданылды. Өнім жиналған соң бірден заманауи тоңазытқыш кешендеріне жіберіліп, жидек балғын күйінде дереу мұздатылады. Ал жеміс-жидектің шығынын барынша азайту үшін кәсіпорын ғарыш саласы үшін әзірленген технологияларды қолданып, сублимацияланған жеміс өндірісін іске қосқан.


Аман Мурадов, суық қойма жөніндегі бас маман:


- Тоңазытқыш қоймасында жемістерді жедел салқындатамыз, олар сұрыпталып, заманауи импорттық жабдықтың көмегімен қапталады. Мұнда күн сайын 20 тоннаға дейін алма, шие, нектарин және алмұрт өңделеді. Одан кейін өнім ұзақмерзімді сақтау камераларына жіберіледі, ол жерден ішкі нарыққа тарайды және өзге елдерге экспортқа жіберіледі.


Ихлас Худайназаров, бау-бақша кешенінің директоры:


- Біз бастапқыда, бау-бақшаны отырғызуды жоспарлай бастағанда, Түркіменстанның табиғатына - жазғы және қысқы мерзімдердегі ауа температурасына, топырақтың жай-күйіне, Қарақұм өзенінен келетін суға бағдарланып жоспар құрдық. Осының бәрі біздің жас бақшамыздың жақсы қарқынмен өсіп жетілуіне ықпал етті. Біз 2022 жылы қызыл шиені отырғыздық және Түрікменстан тарихында алғаш рет осы өнімді экспортқа шығардық.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?