Жасанды интеллект қазақстандық дәрігерлерге жүрек ауруларын ерте анықтауға көмектеседі. Astana IT University студенттері CardioScan жүйесін әзірледі. Ол ЭКГ-ны талдайды және жүрек-қан тамыры патологияларының белгілерін анықтауға көмектеседі. Технологияның түп негізінде 33 мың кеуде суретін талдау арқылы қалыптасқан АІ модель жатыр. Ол зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ бұрын жүргізілген зерттеулердің фотосуреттерін өңдеп, қорытынды есеп қалыптастырады. Бұл ретте жүйе жүректің жай-күйін алдын ала бағалауға арналғанын ескеру керек, ол медициналық диагностиканың орнын баса алмайды. Қазір әзірлеушілер талдау дәлдігін арттыру және қосымша деректер арқылы жүйенің мүмкіндіктерін кеңейту үшін платформаны жетілдіруде.
Артем Пинигин, Astana IT University студенті:
– Білікті кардиохирург маманның басшылығымен осы жобаны әзірлеуде Солтүстік Қазақстан кардиоорталығының қолдауына ие болдық. Astana IT University біздің модельді жақсарту үшін мүмкіндігінше көп деректерге қол жеткізуге көмектесіп жатыр, алдыңғы қатарлы клиникалармен байланыс орнаттық, осылайша, біздің әзірлеме әлдеқайда көп ауруларды зерттеп, жоғары дәлдікке ие болады.

