Қазақстандық киберспортшылар «Болашақ ойындарының» чемпионы атанды

Қазақстандық киберспортшылар «Болашақ ойындарының» чемпионы атанды

«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жетті. Астана фиджитал спорт додасын қабылдаған әлемдегі үшінші қала атанды. 800-ден астам қатысушы, әлемнің барлық құрлығынан жиылған мыңдаған жанкүйер. 12 күнге созылған бәсекеде 8 сайыс бойынша спорт пен заманауи технологиялар тоғысып, 4 млн 650 мың долар жүлде қоры сарапқа салынды. Фиджитал футболдан Уругвай командасы топ жарса, фиджитал жекпе-жек сайысында ресейліктер 100 мың долларды қанжығасына байлады. Би турнирінде аргентиналық қатысушы чемпион атанды. Тартысты додада Қазақстан құрамасы да топ жарды. Отандастарымыз CS2 мен лазертагты біріктірген фиджитал-шутерде чемпион атанды.

Жасұлан Әсембек, «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің жеңімпазы:

- Қазір немесе ешқашан. Бәлкім, біз енді ешқашан «Болашақ ойындарына» қатыса алмайтын шығармыз. Лазертаг та ойнамайтын шығармыз. Сондықтан бар күшімізді жинап, жеңіске жетуіміз керек,-дедім. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?