Қазақстан Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен ынтымақтастықты кеңейтпек

Қазақстан Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен ынтымақтастықты кеңейтпек

Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Қазақстанға 6 млрд долларға тарта ұзақ мерзімді қаржы құяды. Құрылтай тиісті негіздемелік келісімді ратификациялау туралы заңды қабылдады. Құжат халықаралық банктің біздің елдегі болашақ жобаларын жүзеге асыру үшін бірыңғай құқықтық нормалар қалыптастырады. Яғни, Қазақстанға көлік, энергетика, цифрлық байланыс және экономиканың басқа да секторларындағы бастамаларды қаржыландыру үшін инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Жалпы алдағы 5 жылда банк 17 ірі инфрақұрлымдық жобаға қаржы бағыттамақ.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі:

- Жезқазған-Қарағанды, Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын, Атырау-Доссор және Мойынты-Қызылжар автомобиль және темір жолдарын қайта жаңарту бойынша жұмыс басталады. Бұл мемлекет басшысының ауқымды инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасы мен тікелей байланысты. Ұзақ мерзімді жоспарда келісім шеңберінде АИИБ жобаларын іске асыру жалпы ішкі өнімнің өсуіне, жұмыс орындарын құруға, жеке сектор мен шағын және орта бизнесті дамытуға, инновацияларды ынталандыруға, инвестициялық ахуалды жақсартуға жәрдем көрсетеді.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?