Қазақстанда жаңа кен орындарын ашу үшін 200 ұңғыма бұрғылау жоспарлануда

Қазақстанда жаңа кен орындарын ашу үшін 200 ұңғыма бұрғылау жоспарлануда

Қазақстанда жаңа кен орындарын ашу және еліміздің ресурстық базасын толықтыру үшін 200 ұңғыма бұрғылау жоспарлануда. Салалық министрліктің дерегінше, барлау жұмыстарының көлемі биыл шамамен 80, ал 2027–2028 жылдары жыл сайын 120 ұңғыманы құрауы мүмкін. Бұл ретте мұнай-газ әлеуеті жоғары, аз зерттелген шөгінді бассейндерге ерекше назар аударылмақ.

Мұндай учаскелерді беру тәртібі жеңілдетілді: өтінім келіп түскеннен кейін Министрлік 10 жұмыс күні ішінде аукцион өткізеді. Бағдарламаға сәйкес алғашқы үш жылда учаске аумағының кемінде 30% сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу және кейіннен барлау ұңғымаларын бұрғылау көзделген. Қазақстандық қамтуды дамытуға да ерекше мән берілді. Бүгінде елімізде қажетті өндірістік құзыреттер қалыптасқан. Мақсат – бұрғылау қызметтерінің тұрақты әрі бәсекеге қабілетті нарығын қалыптастыру. Нәтижесінде жаңа геологиялық ашылымдар жасалып, қорлар толықтырылып, отандық өндіріс дамып, білікті жұмыс орындары құрылып, салық түсімдері артуы тиіс. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?