Қазақстан инвестиция тартудың бірыңғай жүйесін жетілдіреді

Қазақстан инвестиция тартудың бірыңғай жүйесін жетілдіреді

Әлемде инвестицияға талас күшейіп келеді. Бәсекеге қабілетті болу үшін жедел шешімдер қабылдап, жылдам әрекет ету қажет. Мемлекет басшысы Қазақстан Халқына Жолдауында осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың дамуына тың серпін беру үшін озық технологиясы бар, қажетті сараптамалық тәжірибесі және жаһандық нарықтарға шығу мүмкіндігі зор әлемдік және отандық жетекші компанияларды тарту қажет екенін айтты. Оларға тиісті конституциялық кепілдіктер мен халықаралық құқықтық реттеу тетіктері ұсынылған.

Нұрдәулет Нариманов, Қр Президенті жанындағы ҚСЗИ Жаһандық экономика және тұрақты даму бөлімінің аға сарапшысы:

- Қазақстан бұл бағытта айтарлықтай табысқа жетті. Өйткені бізде ағылшын құқығы негізінде жұмыс істейтін «Астана» халықаралық қаржы орталығы бар. Бұл Қазақстандағы халықаралық стратегиялық жобаларға инвестиция салатын кәсіпкерлер үшін маңызды. Мұндай жобалардың жоспарлау көкжиегі 4-5 жылмен шектелмейді, ондаған жылды қамтиды. Сондықтан инвесторлар үшін еліміздегі құқықтық тұрақтылық пен қалыптасқан тәртіптің маңызы зор. Мемлекет басшысы да өз Жолдауында бұл бағыт ұлттық экономиканы дамытудың басты басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?