Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді

Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді

Қазақстан Президенті барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселеге қатысты ел Конституциясының 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр және Құрылтай Төрағасымен консультация өткізді. Депутаттық корпусты жаңарту жергілікті өкілетті органдардың жұмысын күшейтуге мүмкіндік бермек. Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі шараларды қабылдау тапсырылды. Комиссия сайлау 29 қарашада өтетінін мәлімдеді. Жоспарға сәйкес, кандидаттарды ұсыну кезеңі 14 қазанда басталады. Үгіт-насихат кезеңі сайлауға бір күн қалғанда  сағат 00:00–де аяқталады. Дауыс беру үрдісінің қорытындысы 3 желтоқсанға дейін шығарылады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?