Қазақстанда халықаралық медиация ұйымы құрылуы мүмкін

Қазақстанда халықаралық медиация ұйымы құрылуы мүмкін

Астанада халықаралық медиацияны дамыту және қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу мәселелері талқыланды. Парламентаризм институты алаңында өткен жиынға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтың өкілдері мен кәсіби медиаторлар қатысты. Сарапшылар дөңгелек үстел аясында дипломатияны жетілдіру тетіктерін, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайту жолдары, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі делдалдылықтың рөлін қарастырды. Қатысушылардың ортақ пікірі Қазақстанның халықаралық диалогты қолдап, келіссөздер алаңын ұйымдастыру бағытында тәжірибесі мол дегенге саяды. Геосаяси ахуалдың тұрақсыздығы жағдайында мұндай бастамалардың маңызы артып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында әлемдегі жағдай «қырғи-қабақ соғыс» кезеңіндегіден де күрделі әрі болжауға келмейтін сипат алғанын атап өтті. Осы тұста қақтығыстардың алдын алуға және ядролық қарусыздану үдерісін ілгерілетуге бағытталған халықаралық ынтымақтастықтың жаңа форматын дамыту маңызды. Яғни, медиация институтын жетілдірудің жаңа бағытын қарастыру қажет. Кездесуде Қазақстанда Халықаралық медиация орталығын құру бастамасы көтерілді.

Жамаладен Ибрагимов, ЕҰУ Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры:

- Менің ойымша, медиация институтын одан әрі дамыту және жетілдіру үшін оның жаңа форматтары мен бағыттарын қарастыру қажет. Соның бірі - медиацияны дамытуға бағытталған халықаралық ұйым құру. Бұл жоба аясында арнайы алаң ашу да көзделіп отыр. Бұл бастама отандық сарапшылар, медиаторлар, ғалымдар мен заңгерлердің өз пікірлерімен бөлісіп қана қоймай, заң жобаларын әзірлеу жұмысына да қатыса алатын арнайы талқулау орнына айналады деп ойлаймыз.

Шолпан Саймова, Парламентаризм институтының атқарушы директоры, PhD:

- Қазіргі таңда Қазақстан, жалпы бүгінде әлемде болып жатқан өзекті мәселелерді талқылау мен шешуде араағайындық рөл атқарып келеді.  Елімізде медиация саласы жақсы дамыған, тіпті оның жеке заңы да бар. Ендігі кезекте халықаралық медиацияны дамыту түйіткілін көтеретін уақыт келді деп ойлаймын. Тек биылдың өзінде ғана азаматтық істер бойынша медиация арқылы 100 мыңнан астам мәселе қаралып, өз шешімін тауып отыр .

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?