Қазақстанда электр станцияларын жаңғыртуға 384 млрд теңге бөлінді

Қазақстанда электр станцияларын жаңғыртуға 384 млрд теңге бөлінді

Биыл Қазақстандағы электр станцияларын жөндеуге 384 миллиард теңге бөлінеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9% артық. Барлығы 9 энергоблок, 50-ден астам қазандық пен турбинаны күрделі жаңғырту жоспарланған. Жылыту маусымына дайындық толық қарқынмен әрі кестеге сай жүріп жатыр. Электр желілері мен жылу магистральдары жаңартылуда. Қазірдің өзінде 6 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 135 қосалқы станция және 65 шақырым жылу желісі жөнделді. Жыл соңына дейін 17 мың шақырымнан астам электр және 377 шақырым жылу желісін жаңарту жоспарлануда.


Ержан Ертаев, ҚР Энергетика министрлігі комитетінің төрағасы:


- Отынмен қамтамасыз ету мәселесі де ерекше назарда. Энергия көздерінің отын қоймаларында 3,5 млн тонна көмір, 143 мың тонна мазут жинақталған. Коммуналдық тұрмысты және халықты көмірмен қамтамасыз ету үшін 7,3 млн тонна көмір дайындау жоспарланып отыр. Жылыту маусымына дайындық бойынша барлық іс-шаралар бекітілген кестеге сәйкес іске асырылып, олардың орындалуы энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?