Қ.Тоқаев тоғыз елдің елшілерінің сенім грамоталарын қабылдады

Қ.Тоқаев тоғыз елдің елшілерінің сенім грамоталарын қабылдады

Бүгін Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президентіне 9 елдің - Молдованың, Вьетнамның,  Корея Республикасының, Оңтүстік Африка Республикасының, Словакияның, Германияның, Әзербайжанның, Словенияның, Намибияның төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты рәсімге қатысушыларға Қазақстанның бейбітсүйгіш сыртқы саясат бағдарын ұстанатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Өздеріңізге мәлім, Қазақстан қазіргідей аса күрделі геосаяси жағдайда бейбіт сыртқы саясат жүргізіп келеді. Біз бейбітшілік салтанат құруға тиіс деп санаймыз. Сондықтан Орталық Азияда да, одан тысқары жерлерде де бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтап, ынтымақтастықты өрбіту үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасаймыз.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар жөнінде айтты. Оның қисынды жалғасы тарихи Құрылтай сайлауы болмақ. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің экономикалық әлеуеті және ұлттық экономикаға шетелден инвестиция тарту ісіне тоқталып, Астананың сан қырлы ықпалдастықты дамытуға мүдделі екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Өздеріңіз білетіндей, біздің нарықта ірі халықаралық компаниялардың басым бөлігі қызмет етеді. Бұл саясаттан айнымайтынымызға сенімдімін. Шетелдік инвестицияға қатысты ашық есік саясатын дәйекті түрде жалғастыруға ниеттіміз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?