Қазақстанда цифрлық жұмыспен қамту қызметі енгізілуде

Қазақстанда цифрлық жұмыспен қамту қызметі енгізілуде

Қазақстанда Цифрлық жұмыспен қамту қызметі енгізілуде. Жаңа жүйе жұмыс берушілердің сұранысын сараптап, жұмыссыз жүрген азаматтарды автоматты түрде анықтайды. Бұл – жұмысқа орналастырудың проактивті тәсілі. Яғни, АІ әр адамның мамандығы мен қабілетін ескеріп, өзі тұратын аймақтан ғана емес, басқа өңірге қоныс аударғысы келетін азаматтарға көшуге болатын бағыттар мен мүмкіндіктерді таңдап, тізіп береді. Бос жұмыс орындарының тізімі жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде қалыптасып, жаңартылып тұрады. Лайықты жұмыс орындары анықталғаннан кейін қазақстандықтарға eGov және Enbek.kz мобильді қосымшалары арқылы немесе электронды үкіметтің байланыс орталығынан SMS хабарламалар жіберіледі. Бұдан бөлек, жүйе білім алу және қайта даярлау бойынша арнайы курстарды да ұсынады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, нәтижесінде жасанды интеллект еңбек етуді көздейтін қазақстан азаматтарына әр кезеңде қолдау көрсетіп, тұрақты жұмысқа орналасқанға дейін сүйемелдейтін болады.


Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-  Шілде айында сервис павлодар облысында енгізілді. Жұмысқа орналасу бойынша сол аймақта 39 мың СМС хабарлама жіберілді. Бұл кезеңде өңірде 962 адам жұмысқа орналасты. Қыркүйек айында Маңғыстау облысында енгізу жоспарлануда. Жылдың соңына дейін сервис еліміздің барлық 20 өңірінде ауқымды түрде енгізіледі. Осыған ұқсас жүйе азаматтарға Aitu мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?