Қ.Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Қ.Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Қазақстан Президенті 8 мемлекеттің Мысыр, Швейцария, Эстония, Оман, Мажарстан, Гвинея-Бисау, Нигерия, Дания елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Оларды табыстау рәсімі Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерге ілтипат білдіріп, еліміздің бейбітсүйгіш, теңгерімді және сындарлы сыртқы саясат ұстанатынын жеткізді. Президент қазіргі тұрақсыз әрі құбылмалы әлемде ынтымақтастықты нығайтып, тұрақты диалог орнатудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы жаңа елшілерге Қазақстанның мемлекеттік органдары өзара іс-қимыл үшін ашық және екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға әзір екенін жеткізді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз реформа жүргізуге қолайлы жағдай жасауға ұмтылатынын айтты. Өз кезегінде дипломатиялық миссиялардың басшылары қалыптасқан байланыстарды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?