Бүгін Қазақстанда Абай күні аталып өтуде. Ұлы ақынның есімін ұлықтауға бағытталған шаралары барлық өңірде ұйымдастырылып, Абай ескерткіштеріне тағзым жасалды. Астаналық қаламгерлер Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына бас иді. Тағылымды шараның ұйымдастырылуына елордалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мұрындық болған. Іс-шараға жиналғандар Абай мұрасының қазақ руханиятындағы айрықша орнына тоқталды. Айта кетейік, мерекеге орай республика бойынша 350-ден астам мәдени, ғылыми-танымдық, білім беру және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мереке Құлкенов, Қазақстан жазушылар одағының басқарма төрағасы:
- Бұл қазақтың ең үлкен мерекесінің біреуі. Өйткені қазақ рухниятының жарғысы бұл – Абай. Абайды біздің кішкентай сәбилерімізден бастап, үлкен қарияларға дейін білу керек. жатқа білуі керек. оның қара сөздерін, оның өлеңдерін. Оның бізге тастап кеткен үлкен тәрбиесі біз үшін қазіргі қазақ үшін өте керекті, ешқашан ұмытпайтын дүние.

