IPAF: Астанада қаржылық тұрақтылықтың жаңа тәсілдері талқыланды

IPAF: Астанада қаржылық тұрақтылықтың жаңа тәсілдері талқыланды

Қазақстан алғаш рет Активтерді басқару жөніндегі мемлекеттік компаниялардың халықаралық форумы мен X мерейтойлық саммитін қабылдауда. Астанаға 19 елден ведомстволардың, ұлттық банктердің, халықаралық қаржы институттарының, инвестициялық компаниялардың өкілдері мен сала сарапшылары жиналды. Кездесудің басты тақырыбы - қаржы жүйелерінің тұрақтылығын арттыру. Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, Қазақстан IPAF-ты өңірлік қаржылық қауіпсіздікті нығайту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту үшін негізгі алаңдардың бірі ретінде қарастырады. Ол елімізде заманауи цифрлық шешімдер енгізілгенін атап өтті. DMAS, DBEX және e-Qazyna платформалары активтерді тиімді басқаруға көмектеседі, ал жасанды интеллект оларды бағалау, автоматтандырылған скоринг және қаржылық тәуекелдерді талдау үшін пайдаланылады.

 

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:

- Проблемалық активтерге байланысты жүктемені азайту бизнесті несиелеу бағытын тікелей ынталандырады. 2026 жылдың алғашқы айларын корпоративтік секторға берілген жаңа кредиттердің көлемі 14,8%-ға өсіп, 8,9 трлн теңгеге жетті, осылайша, бизнеске берілген кредиттердің жиынтық портфелі 19 трлн теңгеден асты. Әсіресе өңдеу өнеркәсібі мен металлургияда айтарлықтай өсім байқалады: тек мамыр айындағы ғана кредит беру көлемі 14,9%-ға ұлғайды.


Қазақстан проблемалық активтерден қаражатты экономиканың нақты секторына қайтаруда. Ел бұның жаңа амалдарын қарастыруда. Ендігі басты назар тәуекелдердің салдарын жоюға емес, оларды ерте кезеңде анықтауға аударылады. Бұл банктердің балансын сауықтырып, капиталды босатуға мүмкіндік береді. Қаражат өндірісті, инфрақұрылымды дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталмақ. Халықаралық қаржы сарапшылары бұл тәсілді тиімді деп бағалап, қазақстандық тәжірибені өз елдерінде қолдануды жоспарлап отыр.


Пегги Танг, Малайзия депозиттерін сақтандыру корпорациясының маманы:

 – Біз Қазақстанға жергілікті әріптестеріміздің тәжірибесін зерделеу, активтерді басқару компанияларымен ынтымақтастықты нығайту және үздік жобаларымен танысып, өзара шеберлік алмасу үшін арнайы келдік. Мұнда жиған жаңа тәжірибемізді еліміздегі осы нарықты одан әрі дамытуға пайдалануды жоспарлап отырмыз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?