Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға - шыншыл сөз» кітабының негізгі тақырыптарының бірі - «Заң мен тәртіп». Саясаттанушы Әлібек Жаппасбаевтың айтуынша, автор тек қағидаттар туралы ғана емес, нақты шешімдер туралы да айтады. Сарапшының пікірінше, жинақ мемлекеттік қызметкерлер үшін ерекше практикалық құндылыққа ие. Мемлекет басшысының өзекті мәселелер бойынша дәйексөздері мен пікірлері 21 тарауға жинақталған. Олардың арасында ұлттық бірлік, мінез-құлық мәдениеті және қазіргі қоғамның рухани бағдарлары қамтылған.
Әлібек Жаппасбаев, саясаттанушы:
- Тәртіпке бағынған ел құл болмайды дегендей, мемлекетімізде барлық заң аясында және тәртіппен болуы керек. Себебі сол кезде ғана мемлекет пен азамат арасындағы өзара қарым-қатынаста түсініспеушілік туындамайды. Ал бұл өз кезегінде мемлекеттік басқару институттарына деген сенімді нығайтады. Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін адамдар үшін бұл еңбек нағыз үстел кітабына айналуы мүмкін деп ойлаймын.

