Президент Үкіметке экономикалық өсімді сақтап, халықтың
әл-ауқатын арттыруды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас
Бектеновті қабылдап, алдағы кезеңдегі басым міндеттерін айқындады. Мемлекеттік
басқарудың тиімділігін арттыру, барлық мемлекеттік органның жұмысын үйлестіру
және тапсырмалардың орындалуын күшейту қажет. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкімет
қызметінде нақты нәтижеге басымдық беру керек деді.

