Қазақстанда сот жүйесіне абсолютті сенім деңгейі 2023 жылдан бері 55,2%-дан шамамен 70 пайызға дейін өскен. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев сот жүйесінде биылғы тоғыз айда атқарылған жұмыс нәтижелері, сот ісін жүргізу үдерісін цифрландыру барысы туралы баяндады. Ол сот органдары 25 мыңға жуық қылмыстық істі қарағанын, сондай-ақ азаматтық істердің саны 605 мыңнан асқанын айтты. Сондай-ақ 30 мыңға тарта әкімшілік іс және 319 мың әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды. Даулардың жартысына жуығы медиациямен және басқа да балама жолдармен реттелді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрелігі сапасын жақсарту және сот жүйесін жаңғырту шараларын іске асыру қажеттігіне назар аударды.

