Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік
көшпенділер ойындарының ресми ашылуын тамашалады. Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6
қыркүйек аралығында Қырғызстанның Ыстықкөл облысында өтеді. Додада 100-ден
астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде
қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады. Қазақстанның
атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі. Отандастарымыз 43 спорт түрінің
барлығында өнер көрсетеді.

