Қазақстан Президенті Сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Cыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің негізгі міндеттерін айқындады. Мемлекет басшысы Қазақстанның ұлттық мүдделерін дәйекті түрде ілгерілетуді, теңгерімді сыртқы саясатты нығайтуды және экономикалық дипломатияны дамытуды тапсырды. Сонымен қатар кездесуде көпжақты ынтымақтастықты жандандыруға және шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесі қаралды.

 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?