Қазақстан Президенті әскери реформа бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Қазақстан Президенті әскери реформа бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Қазақстан Президенті төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Әскери реформа жоспары мақұлданды. Мемлекет басшысы қысқа мерзімде заманауи, ұтқыр әрі технологиялық тұрғыдан озық армия құрудың айрықша маңызына назар аударды. Әскери реформаның тың аспектісі – мерзімді әскери қызметтің екі кезеңнен тұратын үлгісіне көшу. Әскерге шақырылғандар алғашқы алты айда оқу орталықтарында даярлықтан өтеді. Кейінгі алты айда әскери бөлімдерде қызмет етеді. Сонымен қатар әскери консультанттар мен Әскери қызметшілер істері жөніндегі уәкіл институттарын құру жоспарланып отыр. Құжатта Қарулы Күштердің құрылымын қайта қарау, Ұшқышсыз жүйелер күштерін құру көзделген. Әскердің жаңа ақпараттық-коммуникациялық стратегиясын қабылдау, сондай-ақ Конституциядағы «Заң мен тәртіп» қағидатына сай тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру реформаның маңызды бағыттарының бірі болмақ. Жоспардың орындалуын үйлестіру Үкімет пен Қауіпсіздік Кеңесіне жүктелді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?