Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды. Мәртебелі меймандарға Қазақстан мен Оман арасындағы инвестициялық-экономикалық қатынастарды одан әрі жандандыру үшін Орталық мүмкіндіктері таныстырылды. Орталық ашылғаннан бері елімізге 28 млрд доллардан астам инвестиция тартқан. Қазір  АХҚО-да 90 елден 6 600 астам компания тіркелген. Оман сұлтаны ағылшын құқығына негізделген қаржы орталығы юрисдикциясындағы ерекшеліктерге жоғары баға берді. Екі ел басшылары Орталықтың исламдық қаржыландыру саласындағы мүмкіндіктері, сондай-ақ тәулік бойы консультациялық қолдау көрсететін AIDA интеллектуалдық ассистентімен де танысты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?