Қазақстан мен Қытай онкологиялық ауруларға қарсы дәрі-дәрмек өндірісін іске қосады

Қазақстан мен Қытай онкологиялық ауруларға қарсы дәрі-дәрмек өндірісін іске қосады

Қазақстан қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмектер өндірісін жолға қоюға ниетті. Бұл мақсатта қытайлық серіктестермен бірлескен жоба жүзеге асырылмақ. Оның аясында елімізде қан ауруларын емдеуге арналған екі препарат шығару көзделіп отыр. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, өндірісті іске қосу елдегі дәрі-дәрмек құнын төмендетіп, науқастар үшін заманауи емдеу әдістерін қолжетімді ете түседі. Екі препаратты да жыл соңына дейін тіркеу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта Қазақстан екінші реттік қаптама шығарудан толық өндірістік циклге көшіп, белсенді фармацевтикалық субстанцияларды өндіруге дейінгі кезеңді игеруді көздейді.


Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:


– 2029 жылға дейін препараттарды кезең-кезеңімен тікелей елімізде оқшауланған өндіріс арқылы шығару жолға қойылады. Бұл дәрілік өнімдер тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азия нарығына бағытталады. Яғни, болашақта аталған дәрілердің экспорттық әлеуеті жоғары болмақ. Бүгінде 6 айдың қорытындысы бойынша диспансерлік есепте 251 мың пациент тұр. Оның 22 мыңы биылғы жылдың 8 айында алғаш рет анықталған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?