Мемлекет
басшысы Тәжікстан Президентімен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт
Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу
салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысқаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты. Кездесу
барысында стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстардың маңызы атап
өтілді. Сауда-экономикалық
қарым-қатынасты кеңейтуге, көлік-логистика және энергетика салаларындағы
ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген
уағдаластықтарды жүзеге асыруға баса назар аударылды. Мемлекеттер
басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде
пікір алмасып, алдағы көпжақты форматтағы бірлескен іс-шаралардың
кестесін талқылады.

