Қазақстан мен Нидерланд аграрлық салада ынтымақтастықты кеңейтпек

Қазақстан мен Нидерланд аграрлық салада ынтымақтастықты кеңейтпек

Сүт фермалары мен жылыжайларға арналған заманауи технологиялар, ауыл шаруашылығын цифрландыру шешімдері. Астанада өткен KazAgro/KazFarm-2026 халықаралық көрмесінде 25 елден келген 300-ден астам компания өз әзірлемелерін таныстырды. Олардың қатарында Нидерланд кәсіпорындары да бар. Олар мал шаруашылығына арналған жабдықтарды, геника салсындағы жетістіктерін және мал ұстаудың заманауи жүйелерін ұсынды. Сонымен қатар, нидерландтық бизнес өкілдері жаңа серіктестер тауып, бірлескен жобаларды ісе қосуға мүдделі.

Екі ел арасындағы ынтымақтастық нақты нәтиже беріп келеді. Қазақстанда Нидерланд селекциясынан шыққан 410-нан астам өсімдік сорты мен буданы тіркелген. Тағы 53-і сынақтан өтуде. Сондай-ақ тараптар сүт фермаларын цифрландыру пилоттық жобасы туралы мемарандумға қол қойды. Тәжірибе алмасу мақсатында өткен аптада қазақстандық делегация Нидерландтағы зерттеу орталықтарын, жылыжай және балық өсіру шаруашылықтарын аралады. Нидерланд мамандары ел нарығының әлеуетін және қазақстандық кәсіпорындардың жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге дайын екенін атап өтті.

Мириам Букестейн, «Dutch Greenhouse Delta» компаниясының бас директоры:

- Біз бау-бақша шаруашылығы саласындағы бизнес өкілдерін, мемлекеттік құрылымдар мен білім беру мекемелерін біріктіреміз. Біздің мақсатымыз - азық-түлік, гүлдер мен өсімдіктерді жергілікті алқаптарда өндіруді жолға қою. Бау-бақша шаруашылығы саласында Нидерланд пен Қазақстан арасындағы байланысты нығайтқымыз келеді.

Йелле Ван Горсел, «East – West Trade» компаниясының жобалар жөніндегі менеджері:

- Біз Қазақстанның дамуға ұмтылысын көріп отырмыз. Мұнда жаңа шешімдерді енгізуге және өнімділікті арттыруға қажетті қаражат та, ниет те, ынта да бар. Ал Нидерланд - инновациялар өте көп шоғырланған бірегей ел.

Екі тараптың қызығушылығы сауда көрсеткіштерінен байқалады. Өткен жылы Қазақстаннан Нидерландқа экспортталған өнім көлемі 2 жарым есе артты. Аграрлық өнімдердің өзара сауда айналымы үштен бір бөлігне еселеніп, 135 жарым млн долларға жетті. Оның 50 млн долларға жуығы Қазақстанның экспортына тиесілі. Биыл да оң динкамика сақталып отыр. Алғашқы сегіз айда екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 109 млн долларға жуықтады. Қазақстан өз өнімдерінің Еуропаға нарығындағы үлесін арттыруды көздеп отыр.  

Мартейн Вейтенс, Нидерландтың ауыл шаруашылығы министрлігінің халықаралық қатынастар бөлімнің басшысы:

- Біз қазақстандық әріптестерімізбен аграрлық экономиканың барлық скторын талқылаймыз. Сонымен қатар, біз үшін өте қызықты бағыт-ауыл шаруашылығын цифрландыруда ілгерілеу бар. Бұл бәріміз үшін жаңа белес болмақ.

Бұл ынтымақтастықтың практикалық пайдасы - ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру, шығымдылықты көбейтіп, өнімдерінің сапасын жақсарту болмақ.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?