Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 100 мемлекеттің ішінде 34 – орынды иеленді. Мұндай тың деректі халықаралық World Population Review платформасы жариялады. Рейтинг елдердің экономикалық, саяси ықпалын, халықаралық байланыстары мен әскери мүмкіндіктерін ескеріп жасалған. Қазақстанның экономикалық дамуымен қатар, әлемдік аренадағы көшбасшылық әлеуеті де бағаланған. Осы көрсеткіштер бойынша Қазақстан Еуропа, Таяу Шығыс және Азияның бірқатар елін басып озды. Нәтижесінде еліміз Орталық Азияда көш бастап, өңірдегі позициясын нығайтты. Ал ТМД елдері арасында тек Ресейді алға жіберді. Әлемдік рейтінтің алғашқы ондығына ірі экономикалық және саяси орталықтар кірді. Алғашқы бестікке Қытай, АҚШ, Үндістан, Германия және Жапония енді.

