Астанада сарапшылар ІТ экспортын дамыту шараларын талқылады

Астанада сарапшылар ІТ экспортын дамыту шараларын талқылады


Қазақстанның IT саласындағы қызметтер экспортын 2030-шы жылға қарай 5 млрд долларға жеткізу жоспарланған. Былтырдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 1 млрд доллардан асып жығылған.  Астанада мемлекеттік органдар, сала мамандары мен сарапшылар отандық цифрлық өнімдер экспортын дамыту стратегиясын талқылады. Құжатқа адам капиталын дамыту, AI-өнімдер үшін экспорттық саясат қалыптастыру, салаға салынған инвестицияларды қорғау, корпоративтік инновацияларды ынталандыру мәселелер енген. Осы мақсатта бизнес пен мемлекет арасындағы диалогты үйлестіріп, өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған ұсыныстар пакеті әзірленді.

Азиза Шужеева, Techno Women коммерциялық емес ұйымының басқарма төрағасы:

- Қазақстандағы IT-нарықтың өзі іс жүзінде 1,7 есе ұлғайды және IT-қызметтер экспорты артты. Бұдан әрі, жаңа технологиялар, жасанды интеллект экономиканың барлық салаларына енуі тиіс. Және шын мәнінде IT-саласы әлдеқашан қандай да бір жеке сектор болудан қалған. Ол барлық экономикалық бағыттармен кірігіп кеткен. Сондықтан серпінді дамуға қажетті барлық алғышарт бар, күшті командалар, тиісті кәсіби құзыреттілік қалыптасқан. Бізге үлкен масштабқа көшу қажет.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?