Ақтау портының өткізу қуатын жылына 240 мың контейнерге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бүгінде оның көлемі 180 мың контейнерді құрайды. Бұл үшін порт инфрақұрылымы жаңғыртылып, жаңа терминалдар салынуда. Сондай-ақ, Каспий теңізінде жүк тасымалдайтын сегіз кеме жасауға тапсырыс берілген. Оның төртеуі Бакуде, қалғаны Қытайда салынып жатыр. Бұл туралы көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Астанада өтіп жатқан TransLogistica Kazakhstan 2026 халықаралық көрмесінде айтты. Жиында Орталық Азияның логистикалық әлеуеті мен Транскаспий халықаралық көлік бағытының өткізу қабілетін арттыру мәселелеріне айрықша назар аударылды. Дәстүрлі іс-шараға биыл жаһанның 20 елінен 230 компания қатысуда. Олардың – жартысынан астамы шетелдік. Олар көлік – логистика саласындағы инновациялық жобалар мен технологияларды ұсынды.
Жәнібек Тайжанов, ҚР Көлік вице-министрі:
- Қазақстанда көлік-логистика саласы қарқынды дамып келеді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша транзиттік тасымал көлемі 39 млн тоннаға жуықтады. Енді 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 67 миллион тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр. Қазір елде жаңа теміржол желілері салынып жатыр. Кейінгі бес жылда шамамен 5 мың шақырым жаңа теміржол желісі салынды. Алдағы үш жылда тағы 2,5 шақырымға жуық теміржол желісін салу көзделуде.
Мирзиёд Мирхамидов, Узтемирйулконтейнер басқарма төрағасы:
- Өзбекстаннан айына орта есеппен экспорттық жүктер тиелген 10-нан 20-ға дейін контейнерлік жүк пойызы жөнелтіледі. Бұл көрсеткіш әр маусымға байланысты өзгеріп отырады. Ал Қытайдан Өзбекстанға ай сайын кемінде 30 контейнерлік пойыз келеді. Олардың қатары да жыл санап артуда. Сонымен қатар, Өзбекстаннан Қазақстанға және кері бағытта да жүк тасымалдау көлемі айтарлықтай жоғарылап келетіні байқалады. нін сеніммен айта аламын.

