Астанада балаларды цифрлық ортада қорғау мәселесі талқыланды

Астанада балаларды цифрлық ортада қорғау мәселесі талқыланды

Балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігі, олардың дамуына жасанды интеллекттің әсері және кәмелетке толмағандарды технологиялық қауіп-қатерлерден қорғау. Бұл тақырыптар Астанада өткен Орталық Азия елдерінің бала құқықтары жөніндегі уәкілдерінің халықаралық форумында талқыланды. ЮНИСЕФ-тің қолдауымен өткен жиынға Қытай, Жапония және Финляндия өкілдері де шақырылған. Қатысушылар Қазақстанның Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған заңнамалық әрі институционалдық реформаларды жүзеге асыру тәжірибесімен танысты. Мәселен, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің жартысы 18 жасқа толмаған балаларға бөлінеді. Сонымен қатар, бала құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік топ құрылды. Орталық Азия елдерінің бала құқықтары жөніндегі уәкілдері өзара тәжірибе алмасып, кәмелетке толмағандардың құқықтарын тиімді қорғау үшін цифрлық қауіпсіздік пен инклюзия мәселелері бойынша бірлескен ұсынымдар әзірлеуге ниетті.

Наджат Маалла М’жид, Біріккен ұлттар ұйымы бас хатшысының балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі  арнайы өкілі:

-  Цифрлық әлемде қауіп-қатерлер де, мүмкіндіктер де көп. Бүгінде біз алдымен түрлі цифрлық өнімдер мен жаңашылдықтарды іске қосып алып, содан кейін ғана балалардың қауіпсіздігін қалай қорғау керектігін ойлай бастаймыз. Сондықтан, цифрлық ортадағы баланың қауіпсіздігі үшін күресте әлеуметтік желілермен ғана шектелмей, жасанды интеллект жүйелерінің барлығында және ойын платформаларында балаларды қорғау, олардың дербес деректерінің құпиялылығы әуел бастан ескерілуі қажет.

Динара Зәкиева, Құрылтай төрағасының орынбасары, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл:

- Он бір заң қабылданды, институтционалдық жүйе құрылды, және «Қазақстан балалары» бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламада 158 нақты іс-шара көзделген. Және Құрылтайда біз жаңа үш заң жобасын дайындадық. Біріншіден, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жүйені құру бойынша, сонымен қатар аппараттық және цифрлық қауіпсіздікке қатысты және балаларға арналған инфрақұрлымның қауіпсіздігіне қатысты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?