Астана «Болашақ ойындары-2026» мультиспорттық турнирін өткізуде

Астана «Болашақ ойындары-2026» мультиспорттық турнирін өткізуде

Астанада «Болашақ ойындары» мультиспорттық турнирі басталды. Қазақстан алғаш рет классикалық спорт пен цифрлық технологияларды біріктірген жарысты өткізуде. Салтанатты ашылу рәсімінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Айта кетейік, Фиджитал-спорт 115-тен астам мемлекетте дамып келеді. 12 күн бойы әлемнің 34 елінен 800-ден астам спортшы жеңіске таласады. Бағдарламада - фиджитал-футбол, баскетбол, жекпе-жек, атыс ойындары, би сайысы, Dota 2 және Mobile Legends бойынша турнирлер қамтылған. Шараға 100 мыңнан астам көрермен қатысады деп күтілуде. Бұл оқиғалық туризмнің дамуына серпін беріп, Қазақстанның әлемдік аренадағы имиджін нығайтуға көмектеседі.


Дэн Меркли, Phygital International бас атқарушы директоры:


- Мен Болашақ ойындарын ұйымдастыру деңгейі де, техникалық орындау да ең жоғары халықаралық стандарттарға сай өтетініне сенімдімін. Біз осы ауқымды жобаны Қазақстанмен бірлесіп жүзеге асырып жатқанымызды мақтан тұтамыз. Мен сіздердің елдеріңіздегі фиджитал-спортты дамыту перспективаларына шын жүректен сенемін.


Астанада «Болашақ ойындары» бағдарламасындағы негізгі оқиғалардың бірі - Дүниежүзілік фиджитал-саммит өтіп жатыр. Бір алаңға Қазақстан, Бірікен Араб Әмірліктері, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан және Беларусь салалық министрліктерінің, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен технологиялық компаниялардың басшылары жиналды. Сарапшылар турнир аяқталған соң осы елде қандай мұра қалдыратынын талқылауда. Олар мұндай жарыстар ІТ-шешімдерді дамытуды, инфрақұрылымды жаңғыртуды жеделдетеді және креативті индустрия үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп отыр. Фиджитал-формат жастарды цифрлық орта арқылы спортқа тартуға көмектеседі. Бұл жаңа технологиялар мен классикалық спорт біртұтас мәдениетке айналған спортшылар буынының пайда болуына әкелмек.


Адхам Икрамов, Өзбекстан Республикасының Спорт министрі:

-  Өзбекстан мен Қазақстан бірлесіп жасанды интеллектті игеру бағытына қарай жылжуда, бұған мемлекет басшыларының қолдауы айғақ. Бүгінде біз гаджеттер дәуірінде дүниеге келген Нейтл-диджитал жастардың заманында өмір сүрудеміз, сондықтан біз осы трендті игеруіміз керек және олардың танымына сай өзгерістерді қабылдап, ақпараттық технологиялардың алдыңғы шебіненде болуымыз керек. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?