Ақордада Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігін дамытудағы өңіраралық байланыстар талқыланды

Ақордада Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігін дамытудағы өңіраралық байланыстар талқыланды

Мемлекет басшысы Ресейдің Ленинград облысының губернаторын қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Дрозденко екі елдің стратегиялық серіктестігін дамытуда өңіраралық ықпалдастықтың маңызын атап өтті. Тараптар сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту, өнеркәсіп, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ленинград облысының өнеркәсіп және көлік-логистика салаларындағы әлеуетіне тоқталды. Былтыр өңірмен өзара тауар айналымы 400 миллион доллардан асқан. Александр Дрозденко Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізді. Губернатор Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинград үшін шайқасқан қазақстандықтардың ерлігі туралы естеліктер көздің қарашығындай сақталатынын айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Александр Дрозденконы II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?