Сарапшылар: Конституциялық реформа Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады

Сарапшылар: Конституциялық реформа Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады

Қазақстанда өткен алғашқы Кұрылтай сайлауы ел үшін айрықша маңызға ие. Бұл – республиканың институционалдық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан конституциялық реформаның нәтижесі. Сарапшы Доменико Пальмиеридің пікірінше, бұл жерде жаңа парламенттік модельдің шешімдерді жедел қабылдауы, заңнаманың тұрақтылығын және елдегі бизнес жүргізуге болжамды жағдайды қаншалықты қамтамасыз ететіні басты мәселе болып отыр. Азия бойынша Италия институтының Бас хатшысының айтуынша, заң үстемдігі мен саяси тұрақтылықтың нығаюы шетелдік инвесторлар мен бизнес өкілдерінің Қазақстанға ұзақ мерзімді инвестиция салуға қолайлы ел ретіндегі сенімін арттырады.


Доменико Пальмиери, Азия бойынша Италия институтының бас хатшысы хатшысы:


- Әрине, Қазақстандағы тұрақтылық пен тұрақты саяси жүйе инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастырады. Өйткені олар үшін елдегі экономикалық ахуал мен  экономикалық жүйе және заң үстемдігі аса маңызды.


Сарапшының пікірінше, жаңа саяси өзгерістердің ықпалы Қазақстаннан тыс елдерге де таралуы мүмкін. Өйткені, ел Орталық Азиядағы ғана емес, әлемдік аренадағы маңызды ойыншылардың бірі, сондықтан елдегі реформалар тәжірибесі жалпы өңірдің дамуына әсер етуі ықтимал.


Доменико Пальмиери, Азия бойынша Италия институтының бас хатшысы хатшысы:

- Менің ойымша, Қазақстан Орталық Азияның жетекші елі болып табылады. Сондықтан барлық реформалар, өзгерістер және Қазақстан таңдаған бағыт басқа елдерге де мысал бола алады және Орталық Азияның тұрақтылық тұрғысынан, әлемдегі маңызды өңірлердің біріне айналуына септігін тигізеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан жаңа өзгерістердің ел халқына және бүкіл өңірге қандай пайда әкелетінін көрсетіп, Орталық Азия үшін жарқын үлгі бола алады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?