Қазақстанда мәслихат депуттатығына кандидаттар өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Елдің батысында 500 астам үміткер бақ сынайды. Дені өзін-өзі ұсынғандар. Бұл қатарда әйелдер мен жастардың да белсенділігі жоғары. Орта есеппен бір депутаттық мандатқа үш кандидаттан келеді. Қазір үміткерлер Батыс Қазақстан өңірінің тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстыруда. Бұл ретте БАҚ пен әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін де кеңінен пайдаланылуда. Осылайша, сайлаушыларға алдағы жоспарларын жеткізіп, өңірдегі өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынуда. Еске салайық, үгіт-насихат науқаны 28 қараша, яғни тыныштық күніне дейін жалғасады. Ал сайлаудың өзі 29 қарашаға белгіленген.
Әділ Жоламанов, Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Барлығы 581 кандидат ұсынылған болса, жалпы тіркеуден өткендері 551 кандидат. Қазіргі уақытта өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Солардың ішінде 27 пайызы әйелдер, 32,7 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар.

