Jibek Joly телеарнасында партиялар «Заң және тәртіп» қағидатына қатысты пікірлерін ортаға салады

Jibek Joly телеарнасында партиялар «Заң және тәртіп» қағидатына қатысты пікірлерін ортаға салады

Jibek Joly телеарнасының тікелей эфиріндегі теледебат «Заң мен тәртіп» тақырыбына арналады. Естеріңізге сала кетейік, телеарна Қазақстан Президенті телерадиокешенінің құрамына кіреді. Кеше арнаның эфирінде Құрылтайдан орын алуға үмітті жеті партия өкілдерінің қатысуымен жеребе тартылды. Оның нәтижесі бойынша саяси бірлестіктердің кезегі анықталды: Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, «Әділет» партиясы, Қазақстан халық партиясы, «Ауыл», «Байтақ» және Respublica партияларының өкілдері сөз сөйлейді. Сарапшылар бұл пікірталас саяси бірлестіктердің негізгі мәселелер бойынша ұстанымдарын ғана емес, олардың сайлау алдындағы уәделерін орындауға дайындығын да көрсетеді деп отыр. Партиялар «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру бойынша өз ұсыныстарын ортаға салып, Құрылтайдағы жұмыс барысында орындауға дайын бір нақты міндеттемені мойнына алуы керек.


Мариягүл Құсайынова, саяси технолог:

- Заң мен тәртіп тұжырымдамасы партияларға өз бағдарламасын кеңінен таныстырып, нақты ұстанымын қалыптастыруға таптырмас мүмкіндік береді. Мұнда көрермен жай ғана «бәріміз бірігіп мынадай іс жасайық» деген үстірт ұрандарды емес, оған нақты қалай жетуге болатынын көреді. Мәселен, қандай қаржы есебінен атқарылады, қай заңдарға сүйенеді, не нәрсені түбегейлі өзгертіп, жұмысты қайдан бастамақ - осының бәрі көрерменнің көз алдында айқын көрінеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?