Қазақстан экономикасы биылғы он айда 4,5% өсті. Негізгі серпін шикізаттық емес сектордың есебінен қамтамасыз етілді. Аталған саладағы көрсеткіш 5,6% жетті. Өнеркәсіп өндірісі 3,5 %, өңдеу өнеркәсібі 9,3 % артты. Соңғысындағы ең жоғары нәтиже фармацевтика бағытында тіркелді. Ондағы өндіріс көлемі 51% жуық ұлғайды. Ал , машина жасау, металл бұйымдары, химия және азық-түлік өндірісінде оң динамика байқалды. Құрылыс материалдарын шығару 5% астам артты. Бұдан бөлек, еліміздегі көлік пен қойма, ауыл шаруашылығы және байланыс салаларының даму қарқыны жеделдей түскен.

