Жасанды интеллект ядролық медицинадағы диагностика дәлдігін арттырады

Жасанды интеллект ядролық медицинадағы диагностика дәлдігін арттырады

Жасанды интеллект ядролық медицинада белсенді қолданылуда. Қазақстанда оны ПЭТ/КТ зерттеулерін талдауға бейімдеген. Технология дәрігерлерге бейнені зерттеуге, ағзада жинақталған радиофармпрепараттың мөлшерін бағалауға және пациент денесінің ауырсынған жеріндегі патологиялық процестің белсенділігін анықтауға көмектеседі. Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ядролық медицина бағытының басшысы Айгүл Сәдуақасова атап өткендей, зерттеудің мұндай әдісі дәрігерге бірден 2 түрлі ақпарат береді - ағзалардың құрылымы мен тіндердің метаболикалық белсенділігі анықталады. Бұл ісіктің таралуы мен метастаздарды зерттеуге, емдеудің тиімділігін бағалауға немесе аурудың қайталануын анықтауға мүмкіндік береді.

Айгүл Сәдуақасова, ҚР Президентінің іс басқармасы медициналық орталығының ауруханасы, Ядролық медицина орталығының басшысы:

- Жасанды интеллект әрқашан аспаптық диагностикада қолданылып келеді. Өлшем ғана емес, сонымен қатар препаратты сіңіру дозасын және қанша радиофармацевтикалық препарат жинақталғанын анықтау, препараттың осы индексі бойынша біз процестің белсенділігін бағалаймыз. Біздің зерттеулер пациенттердің тыныс алу режимінде өтіп жатқандықтан қосымша кедергілер өте көп, тыныс алуды 40 минут үзіліс жасап ұстап тұру мүмкін емес, сондықтан зерттеу кезінде жасанды интеллектті қолданып, осы кедергі артефактілерді жоюға болады.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда ядролық медицина бағытындағы 12 орталық жұмыс істеп тұр. Тек осы нысандардың өзі ғана жыл сайын 12 мыңнан астам радиоизотоптық зерттеулер жүргізіледі. Заманауи радиофармпрепараттар ауруларды диагностикалауға ғана емес, оларды емдеуге де мүмкіндік береді. Осындай бағыттардың бірі, диагностика мен терапия бір радиофармпрепаратты пайдалана отырып жүргізілетін - тераностика. Қазақстанда сүйек метостазы тіркелген қалқанша безі мен самарий обырын емдеуге йодты препараттар қолданылуда.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?