Өзбекстан Президенті Қ.Тоқаевты Құрылтай сайлауының өтуімен құттықтады

Өзбекстан Президенті Қ.Тоқаевты Құрылтай сайлауының өтуімен құттықтады

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті. Өзбекстан көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы сәтті өтуімен құттықтады. Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевке қолдауы мен халықаралық ұйымдар құрамында Өзбекстан байқаушылар миссиясын жібергені үшін алғыс айтты. Президент елімізде жүргізіліп жатқан ішкі саяси өзгерістер туралы айтып,  Құрылтай – озық, заманауи және әділетті Қазақстан құруға бағытталған саяси реформалардың маңызды бөлігі екенін атап өтті. Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастықты кеңейтуге баса назар аударылды. Тараптар достық пен стратегиялық серіктестік рухында ұдайы нығайып келе жатқан қазақ-өзбек қарым-қатынасының даму барысына көңіл толатынын атап өтті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?