Қытайда Silk Way Star жобасының екінші маусымы басталды

Қытайда Silk Way Star жобасының екінші маусымы басталды

Қытайдың Иу қаласында қазақстандық Silk Way Star халықаралық вокалдық шоуының екінші маусымының ресми ашылу салтанаты өтті. Жобаны Қытайдың ұлттық CCTV арнасы түсіріп жатыр. Биыл ауқымды телевизиялық жобаға 12 елдің өнерпаздары қатысуда. Атап айтқанда, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Вьетнам, Малайзия, Түркия, Сербия, Оңтүстік Африка Республикасы, Жаңа Зеландия, Бразилия және Грузия. Үлкен шоуда Қазақстан атынан әнші Рухия Байдүкeнова қатысып жатыр. Айта кетейік, бұл — шетелде жүзеге асырылып жатқан тұңғыш қазақстандық мәдени-медиа жоба.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?