Қ.Тоқаев шахматшыларды Дүниежүзілік олимпиадада күміс жүлде алуымен құттықтады

Қ.Тоқаев шахматшыларды Дүниежүзілік олимпиадада күміс жүлде алуымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың шахматшы қыздарын құттықтады. Еліміздің құрамасы Өзбекстанда өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында екінші рет қатарынан күміс медаль еншілеп, тек Қытай құрамасына ғана есе жіберіп алды. Президент құттықтауында даңқты шахматшы Бибісара Асаубаева бастап барған ел құрамасы беделді турнирдің бірде-бір ойынында жеңілмегенін атап өтті. Бұл спортшылардың деңгейі биік, талантты, еңбекқор екенін, сондай-ақ отаншылдықты нақты іспен дәлелдей алатынын көрсетеді. Мұны шахмат сарапшылары үлкен жетістік ретінде бағалап отыр. Мемлекет басшысы шахматшыларға толайым табыс, зор денсаулық және бақ-береке тіледі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?