Астанада Семей полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті

Астанада Семей полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті

Ядролық сынақтардың тоқтағанына отыз бес жыл. 1991 жылғы 29 тамызда Қазақстан Семейдегі сынақ полигонын жапты, кейін өзінің ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартты. Бұл таңдау әлемдегі ядролық қарусыздандыру саласындағы еліміздің халықаралық беделін нығайтты. Екі жылдан кейін Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылып, 1996 жылы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа алғашқылардың бірі болып қол қойды. Сонымен қатар, өңір мемлекеттерімен бірге республика Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісімге қол қойды. Бұл шешімнің тарихи маңызы Қазақстаннан тысқары аумаққа да кең таралды. 2009 жылы еліміздің бастамасымен БҰҰ Бас ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялады. Бүгінде Қазақстан бейбіт атом идеяларын ілгерілете отырып, қаруды таратпау режимін нығайту бағытын ұстанады. Бұл саяси  бағыттың маңызын Астанадағы дөңгелек үстел қатысушылары   талқылады. Сарапшылар еліміздің бейбітсүйгіштік тәжірибесін ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

Тимур Жантикин, ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары:

- Біз ядролық қарудан бас тарттық, ол кезеңдегі қару әлемдегі үшінші немесе төртінші ядролық әлеуетке ие болатын, бірақ соған қарамастан, бейбіт бағытта даму туралы шешім қабылданды. Қазақстан, жалпы алғанда, осы қозғалыс көшбасшыларының, алғашқылардың бірі, мысалы, Қазақстан ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қойып, оны вертификациялады. Яғни, Қазақстанның беделі әлемге әйгілі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?