Үкімет пен бақылаушы органдар 24 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды барынша азайту, квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың жұмыс сапасын айтарлықтай жақсарту жөнінде ұсыныс беруі тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында осындай тапсырма берді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы түрлі деңгейдегі басшылардың жымқыруға қатысты құқық бұзушылықтарын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметі Бас прокуратурамен бірге жедел және жіті тексеретінін атап өтті. Президент жаңа Конституцияда бекітілген «Заң мен Тәртіп» қағидаты мүлтіксіз сақталуы тиіс екенін еске салды. Қоғамымда атқаратын лауазымына, сіңірген еңбегіне қарамастан, ешкім де заңнан аттап кете алмайды. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуын арнайы мемлекеттік комиссия қадағалайтынын жеткізді. Оның құрамы келесі аптаның басында жарияланады. Сөз соңында Президент осы істе Ата заңда бекітілген Заң, Әділеттілік және Тәртіп қағидаттары айнымас темірқазық болатынын айтты.

